Үш алып

by Abil-Serik Abilrfsymuly Aliakbar

Artwork: Әдебиеттанушылық ой зерде

This free e-book was created with
Ourboox.com

Create your own amazing e-book!
It's simple and free.

Start now

Үш алып

by

Artwork: Әдебиеттанушылық ой зерде

Заманалық салыстырмалы қазақ әдебиеттанушысы
  • Joined Jul 2018
  • Published Books 7

ҰЛТТЫҚ ФЭНТЭЗИ НЕГЕ ДИАНА ОЛЕЙНИКОВАНЫҢ ҚАНЖЫҒАСЫНА БАЙЛАНДЫ?

Ұлттың өнер кеңістігінде орын алтын әлемдік деңгейдегі оқиғаларды орыс тілді қазақстандықтар өздеріне телуге бейім. Соның жарқын үлгісі «Первый роман-фэнтези молодой казахстанской писательницы Дианы Олейниковой “Тайны трех миров”»  деген интернет хабарламасының ар жағында қандай ой жатыр.

Сонда қазақ мәдениеті мен өнерінде (әдебиетімізде) бұрын соңды осы жанрдың жалына жабысқандар болмаған ба деген заңды сұрақ көңілді тырмалайды. Қазақ фэнтезиінің марксистік идеядағы «Миллионерден» бастау алатындығын әдебиеттанушыларымыз білмейді емес біледі. Бірақ оны ең алғаш Ғабиден Мұстафин жазғандығын орыс тілді қауымға түсіндіріп көр, мықты болсаң.

1 сурет

Ал ертегі фэнтези романдарды жазған ШҚО Бородулиха ауданының тұрғыны, ҚР оқу ісінің үздігі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, марқұм Таупық Рымжанов екендігі осы жолдардың авторының «Ертегі әлемінің абызы» монографиясы арқылы санаулы оқырман қауымға белгілі. Автордың «Гүл ағашы», «Күн перзенттері» атты роман-фэнтезилері тұрғанда әдебиеттегі қадамын енді ғана бастаған Диана Олейниковаға мәселенің байыбына бармай ұлттық дегейде әдеби біріншілікті беріп қойып қарап отырғанымыз еш болмайды.

Қазақ әдебиетінің абызы Кенжебай Бейсенбаев кезінде Мылтықбай Қараевтың монографиясына жазған алғысөзінде «әуелі әдебиеттің практикалық жағы өмірге келіп, кейін теориялық жағы туындайды» деген болатын.

Фэнтези жанрын осындай баланың ойыншығына айналдырып, өзге ұлттың қанжығасына байлап беру әдебиеттің маңында жүргендіктен осы мақаланы жазуға итермеледі.

СОНЫМЕН

Қазақ әдебиетінде «Абай жолы» кітабына екінің бірінің тісі батпайды. Осы әлемдік деңгейдегі эпопеяны оқу үшін шалқар білім керектігі және бар.  Ал бұқаралық әдебиет үстемдікке ие дәуірде, оның оқырман алдына қойып отырған талабынан авторлық ертегілер де тыс  қалмайды.

Бір қаламгер осы жанрдың байыбына бармай оны фольклормен жосықсыз байланыстырып, құлдырауға ұшыратса, екінші бір қалмагер өзіндік сара жол тауып, фольклор мен әдебиеттің арасындағы көрінбес межені еркін аңғарып, оның гүлденуіне үлес қосады.

Жанрлық түрленген ертегі жанры қазірде іштей ересектерге арналған, балаларға арналған, өткеннен кіндік үзбеген ертегілер шоғыры, әрі, үлкенді, әрі баланы өзіне тәнті ететін әмбебап ертегі* т.т. тарамдала түседі. Марқұм Таупық Рымжанов – қазақ әдебиетіндегі осы әмбебап ертегі мен роман-фэнтезиді жетік меңгерген ертекші болған еді.

Қай елдің әдеби ертегісі, қай қаламгердің қаламынан шықпасын өз дәуірінің үні мен авторының еркіне орай халық ертегісінің формасынан мүлдем ерекшелініп тұрады. Енді

2

әдеби ертегінің оған өте жуық жанр болып табылатын фантастикамын бірлікте алып қарастырып көрейік.

Қазақ әдебиетінде кезінде керегесі кең жанрлардың бірі болып саналған ғылыми-фантастика жанрында алғаш Машанидың «Жер астына саяхат» шығармасы жазылса, соның артынша-ақ Медеу Сәрсекенің «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі», Талап Сұлтанбековтің «Көшпелі алтын», «Лұқпан Хакім», Шоқан Әлімбаевтың «Данышпандық альфасі», Төлеш Сүлейменовтің «Әл-Фараби көпірі», «Жұлдыз адамы», Т. Шахановтың «Көгілдір мұнаралар», Ә. Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз», Төлен Әбдіковтің «Айтылмаған ақиқат», Н.Кенжеғұлованың «Қиын шешім», М.Гумеровтің «Жұмбақ сәуле», С.Ғаббасовтың «Кәусар», Р.Бектібаевтың «Ионосферадағы алаң» атты повестері мен романдары жазылған болатын. Кейінгі жылдары, әсіресе, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тұрмыстың жалаңаш шындығымен бетпе-бет келу бұл жанрдың қиялына тұсау болғаны ақиқат шындық екендігі дау тудырмайды.

2 сурет

Екі жанрда бір тамыр-тектен тарағандығы туралы мына бір пікірге: «әдеби ертегі мен оның қарын бөлесі болып табылатын ғылыми фантастика фольклорлық ертегі поэтикасына жуықтастығына қарамай бәрібір әдеби  жанрлар болып табылады.

Олардағы фольклорлық ертегі поэтикасының элементтері жанрлық нышанды айқындап, бір сөзбен айтқанда жанр «тінін» («ядро») түзеді»  деген Е.Н. Нееловтің пікіріне бізде қосыламыз. Фантастикалықты логикалық тұрғыдан түсіндіруде қиял-ғажайып ертегіде кездеспейтін ертегілік шындыққа замана адамының «шәк келтіруі» басты орында тұрады.

Өйткені, «ертегі дүниенің қалыбын бейнелеу мен түсіндіруге және де  оны қаһарманның іс-әрекеті нәтижесінде өзгертуге бағытталмаған, қайта қаһарманның көңіл-күй ауанын танытып, осы көңіл-күй ауанының басына түскен қайғыны, бақытсыздықты, алдын кес-кестеген кедергіні табысты еңсеру нәтижесінде өзгеріске түскендігін сипаттауға арналған» [Мелетинский Е.М. Герой волшебной сказки. Происхождение образа].

Әдеби ертегінің басты ерекшелігі ғылыми фантастика сияқты жарқын болашақты ғылыми негізде топшалап, ғылым мен техника дамуына болжамдар жасап, өз пікірін тықпаламайды. Жалпы айтқанда, әдеби ертегінің адамзат қоғамындағы әлеуметтік және ғылыми теориялардың дамуымен еш байланысы жоқ. Ойымызды осы жерден кілт үзіп, көп бұлтақтамай негізгі айтпағымызға көшейік.

ХХ ғасырдың екінші жартысында тағы бір фантастикалық жанр – фэнтези әдебиет әлемінің есігін ашты. Аталған жанрдың біріншіден, әдеби ертегіге қарағанда пайда болуы

3

да сан қилы, фэнтези кейде шындық өмірден қашып, миф пен аңыздарды қайыра ой елегінен өткізуге бағыт ұстанса, әдеби ертегі белгілі бір ұлт үшін сын сағаттар болған сәтті оны ертегілік образдар мен мотивтер арқылы таныта біледі; екіншіден, фэнтези  жанрындағы туынды басқа жанрлардың мәтіндік бөлігі бола алмауымен әдеби ертегіден ерекшеленеді.

Енді осы фэнтези жанры турасында, оның қазір біржақты балалар жазушысы деп жүрген Т.Рымжанов шығармашылығына қатыстылығы жайында өз ойымызды білдіре кетейік. Біздің ғылыми топшылауларымыз кейбір зерттеушілер тарапынан қарсылыққа ұшырау мүмкіндігін жоққа шығармай ойымызды дәлелдеуге көшейік.

3 сурет

Осы орайда, Т.Рымжанов ертегілерінің фэнтезиге қатысты тұстарын біршама сөз еткізіміз келеді. Мысалға, «Зәйтүнқарлығаштың ерлігін» басы бүтін әдеби ертегіге жатқызатын болсақ, автордың қалған үш әдеби туындысы («Гүл Ағашы», «Күн перзенттері», «Ерден батыр») жайында бұлай дей алмаймыз. Аталған шығырмалар бойында әдеби ертегіге қарағанда фэнтезилік нышан-белгілер молынан ұшырасады.

Фэнтези (ағыл. fantasy – «фантазия») – мифологиялық және ертегілік мотивтерді пайдалануға негізделген фантастикалық әдебиет түрі. Заманалық әдебиет түрі ретінде XX ғасырда өмірге келді. Қазіргі деңгейіне жетуі үшін  Джон Рональд Руэл Толкин ересен еңбек сіңірді. Оны кейбірде фэнтезидің әкесі деп те атайды.

Фэнтези туындылары көбіне тарихи-шытырман оқиғалы туындыны еске түсіріп, ондағы іс-әрекет белгілі бір ұлттың бағзы баба дәуіріндегі, орта ғасырлардағы тыныс-тіршілігін танытатын ойдан шығарылған  әлемде өтіп, бас кейіпкер құдай ерекше қылып жаратқан құбылыстар және мақұлықтармен аяусыз күреске түседі. Кейбірде фэнтези архетиптік сюжеттер негізіне құрылады. Осы қырынан алғанда Т.Рымжановтың кейбір ертегі-хикаяттары фэнтези жанрына жататындығын аңдаймыз.

Ғылыми фантастикаға қарағанда фэнтези іс-әрекет орын алып отырған әлемді ғылыми тұрғыдан түсіндіруге тырыспайды. Батыс фэнтезиінде оқиға өтетін жер не параллельді әлемде, не басқа ғаламшарда орын алады. Ондай әлемде құдайлар, құшынаштар, мифтік мақұлықтар (айдаһар, гном, тролли) немесе басқа да  фантастикалық мақұлықтар шынайы өмір сүреді. Олардың әдеби ертегіден өзгешелігі суреттелетін әлемнің дағдылы қалыбы реалды деп танылып, ол табиғаттың бұлжымас заңдылығы деп қабылданады.

ЕНДІ БІЗ ФЭНТЕЗИ ЖАНРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІНЕ ТОҚТАЛА КЕТЕЙІК

4
This free e-book was created with
Ourboox.com

Create your own amazing e-book!
It's simple and free.

Start now

Ad Remove Ads [X]
Skip to content